Еске алу. Жакен Ойылбайұлы (1954 - 2015)
Almas studio Almas studio
1.53K subscribers
924 views
11

 Published On Feb 4, 2017

«Өмір, өмір, өтесің-ау, бір күні,
Тиясың-ау, қуанышты күлкіні». Расында, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бұл өмір кімнен қалмаған. Талай жайсаң мен жақсыдан, батыр мен бағланнан қалған жарық дүния!

Алланың бұйрығымен өмірге келіп, жер басып, еңбектегеннен бастап сәбидің жаңа ғаламдағы сан тарау соқпақ жолдары басталады. Біреуге кем, біреуге жарқын даңғыл жол ашылады. Сол «қамшының сабындай қысқа ғұмырды» мәнді де мағыналы өткізу екінің бірінің басына жазылмаған бақ, қасиет. Артына өшпес із қалдыру, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу де саналы жанның қарекеті болмақ. Сондай өнегелі өмірімен ел есінде қалған жандардың бірі, қарапайым мұнайшы Өркенғалиев Жәкен Ойылбайұлы еді.

Оның мінезі – күннің жаймашуақ нұрындай, салмақтылығы, бірбеткейлігі – бәйтеректің жер астына жіберген тамырындай берік-тұғын. Біреуге жөнсіз тиісу, көңілін қалдыру – оның қанында жоқ қасиет болды. Әттең, өмірі қысқа қайырылды. 61 жасқа қараған шағында о дүниеге аттанды. Бұдан өткен зор өкініш болар ма?!

show more

Share/Embed