Еске алу. Бисенғалиев Нұрлыбек (1958 - 2015)
Almas studio Almas studio
1.53K subscribers
535 views
2

 Published On May 17, 2020

Атырау облысындағы тарихы тереңнен тамыр тартқан аудандардың бірі – Құрманғазы ауданы. Талай дарындар мен абыздар, батырлар мен ақындар дүниеге келген қасиетті өлке. Бұл мекенге бара қалсаңыз әрбір тасы, әрбір суы, әр жан-жануары керемет өлкенің құдіреттілігін паш еткендей әсер қалдырады. Әсіресе, сонау қырдағы созылып жатқан Нарын құмы, ойдағы көсіліп аққан Қиғаш, Шарон өзендері табиғаттың қайталанбас сұлу көрінісін силайды. Осындай ғажайып өлкеде кіл мықтылар мен үздіктердің, жайсаңдар мен жомарттардың жарық дүние есігін ашуы қоршаған ортаның бұлжымас заңдылығы іспетті. Ендеше, қасиетті Құрманғазы топырағында дүниеге келіп, елі алдында абыройы жоғары, парасат-пайымы биік қалпында танылған азаматтардың бірі – Бисенғалиев Нұрлыбек Ғалламұлы еді.

show more

Share/Embed