Еске алу. Жұбанов Тажмағанбет (1940-2021)
Almas studio Almas studio
1.53K subscribers
1,015 views
22

 Published On Sep 1, 2022

Ел үшін еңбек еткен асыл азамат. Тау тұлға, дегдар жан!
Бұл - халықтың қадірлісі, елдің ардақтысы, ағайын-туманың, әулеттің бетке ұстары Тәжмағанбет Жұбанұлына дәл теңеу.
Тәжмағанбет Жұбанұлы өмір сүрген саналы ғұмырында артына жақсы іс пен өшпес із қалдырды. Мол мұра және өнегелі сөзін қалдырды.
Көзін көргендер әлі күнге асыл азаматтың ардақты істері сана-жадыларынан өшпейтінін баяндайды.
Тәжмағанбет аға өмірінің көп бөлігін педагогика саласына арнады. Ұлы қызмет – ұстаздыққа адалдық танытты. Басшы болып та көкірегін керген жоқ. Керісінше, жаңа деммен келіп, қызметкерлеріне жағдай жасады, жұмыс мәнеріне жаңашылдық енгізді. Талабы да сапалылылыққа бағытталған еді.
Қызметпен қатар, ұрпағының болашағына да алаңдаушылық танытқанын айта кеткен жөн. Оларға ұлағатты тәрбиесін сіңірді.
Бір сөзбен түйіндегенде, Тәжмағанбет Жұбанұлы тау тұлға болатын. Ал тау жақындаған сайын биіктей берері хақ!

show more

Share/Embed