Олимпиада чемпиондарын түсімізде көреміз... | ЕРМАХАН ЫБРАЙЫМОВ | БЕРЕН LIVE
БЕРЕН / «BEREN LIVE» БЕРЕН / «BEREN LIVE»
29.7K subscribers
80,714 views
956

 Published On Premiered Dec 20, 2022

Бүгінгі бағдарламада қонақта: Бокстан олимпиада чемпионы – Ермахан Ыбрайымов!
Сіздерге ыңғайлы болу үшін:
00:00 – Анонс
01:45 – Бүгін бізде қонақта – Ермахан Ыбрайымов!
02:05 – Боксқа қалай келдіңіз? Алғашқы бапкеріңіз кім болды?
04:05 - Әкем менімен жарыстарға бірге барып жүрді.
06:05 – 90-жылдары 67 кг салмақта бәсекелестік мықты болды.
08:00 – Спортты қойып кеткен кезде, тағдыр мені Тұрсынғали Еділовке жолықтырды.
12:27 – Ұлттық құрамаға қайта қабылданған соң әлем чемпионатында жеңілдім.
14:30 – Бапкерлер арасында Ермаханды ұлттық құрамаға алмау керек еді деген әңгімелер де болды.
16:02 – Бағымды ашқан алғашқы жарыс дүниежүзілік әскерилер арасындағы ойын болды.
17:28 – Атланта олимпиадасында Қазақстан туы не үшін сізге тапсырылды?
20:15 – Атлантадағы олимпиада. Ыбрайымов неге алтын ала алмады?
22:16 – Альфредо Дюверхельден жартылай финалда ұтылдыңыз. Жеңіске жетуге не кедергі болды?
26:19 – Әлем чемпионатының финалы. Альфредо Дюверхельден тағы ұтылдыңыз. Неге?
30:00 – 1999 жылғы әлем чемпионаты. Хорхе Гутьеррестен жартылай финалда бір ұпай айырмашылығымен ұтылдыңыз.
33:15 – Кубадағы атақты Кардин Кардоба жарысына қатыстыңыз ба? Турнир несімен қиын?
36:00 – 1999 жылға дейін Куба боксшыларын жеңе алмай жүрдіңіздер. Не себепті?
36:57 – Қазақстан спорты Тұрсынғали Еділовтың қадіріне жете алмады. Кубамен өткен жолдастық кездесу.
41:03 – Сидней олимпиадасы. Көк байрақты алғанда алтын алуға уәде бердіңіз. Қорқыныш болмады ма?
45:38 – Сиднейде жүріп өткен жол. Толассыз нокауттар. Ермаханның жұлдызды шағы.
53:51 – Ұлттық құраманың тізгінін ұстадыңыз. Нәтиже қалай болды?
55:15 – Бас бапкерлікті неге жалғастырмадыңыз?
56:53 – Токиодан алтынсыз қайтқанымыз үлкен қателік. Бұл ұлттық олимпиада комитетінің қателігі.
01:02:51 – Кәсіпқой боксқа кетіп жатқан қазақтарды құптайсыз ба?
01:06:57 – Ермахан Ыбрайымов кәсіпқой боксқа неге бармады?
01:08:30 – Бокстағы қандай қызықты оқиға есте қалды?
01:14:01 – Сіз үшін Қазақстандағы қиын қарсылас кім болды?
01:15:37 – Тұрар Рысқұлов ауданынан төрт бірдей олимпиада жүлдегерлері шықты. Құланның топырағы құнарлы ма?

«БЕРЕН LIVE» - Қазақ спортының бүгінгі жай-күйі, өткені мен болашағы жайлы керемет сұқбаттар жүргізу. Ел спортына еңбегі сіңген жандар мен көк туымызды желбіреткен жеңімпаздармен ашық әңгіме алаңы. Бағдарламаны 30 жылға жуық спорт журналистикасында жүрген комментатор ғалым Сүлеймен жүргізеді.
Ендеше, біздің каналға жазылып, лүпіл басып, төменде өз ойларыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар. Сіздердің әр пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!

Қазақстандық спорт туралы арнаға жазылыңыз:    / @beren_live  
Жаңа шығарылымдарды жіберіп алмаңыз!

Instagram:   / beren_live  
TikTok:   / beren.live  

show more

Share/Embed