Өзбектер 2 дүркін олимпиада чемпионын шығаруды көздеп отыр. Бізде не жоспар?
Бірінші бол Бірінші бол
280K subscribers
31,241 views
808

 Published On Premiered May 2, 2024

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз хатшысы болып 1,5 ай қызмет атқарған Әзиз Жұмаділ БІРІНШІ БОЛ қонағы болды.

Ақпан айында Қазақстан бокс федерациясының президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Не өзгерді? Боксшылардың олимпиадаға дайындығы қалай? Неге ҚБФ жабық ұйымға айналды, журналистерді неге алалайды? Бүгінгі подкастың кіріспесі осыдан басталды.

Одан бөлек, Федерациядағы соңғы ауыс-түйістер де сөз болды. "Өткелде ат ауыстырма" деген, әуесқой бокста тәжірибесі жоқ Жалғас Түкешов қалай ҚБФ президентінің кеңесшісі болды? Азия жастар арасындағы чемпионат алдында ұлттық құрама бас бапкерін неге ауыстырды?

Өзбекстан Парижде 2 дүркін олимпиада чемпионын шығаруды мақсат тұтып отыр. Ал қырғыздар күрестен кемі 2 олимпиада алтынын аламыз деп үміттеніп отыр. Қазақстанның не жоспары бар? Парижден күліп қайтамыз ба, әлде күмілжіп пе?

Олжас Байбосын, Аслан Қаженов отандық бокс пен күрестегі проблемаларды атап, федерациялардың үнсіз отырғанына налыды. Ал, Әзиз Жұмаділ ең бастысы нәтиже екенін алға тартып, ақпараттық ашықтықты екінші планға қойды.

Ал сіз не дейсіз? Подкасты соңына дейін көріп, ойыңыз бен пікіріңізді жазыңыз!

Telegram: https://t.me/birinshybol
Сайтымыз: https://1bol.kz/
"Бірінші гол" арнамыз -    / @1golkz  

Басқа платформалар:
Apple Podcasts: https://podcasts.apple.com/kz/podcast...
Google Podcasts: https://podcasts.google.com/feed/aHR0...
Яндекс Музыка: https://music.yandex.ru/album/2790940...

Подкаст жүргізушілері:
Олжас Байбосын -   / olzhas_baibosin  
Аслан Қаженов -   / kazhenov.aslan  

Подкаст қонағы:
Әзиз Жұмаділ -   / aziz_zhumadil  

#бокс #біріншібол #подкаст

Подкасты тайм-код арқылы көру:
00:00 Анонс
01:00 Амандасу
02:21 Спарринг – үздікті таңдаудың ақырғы шешімі ме?
04:05 Дулат Бекбауовтың салмақ қуғаны көзге ұрып тұр
05:37 "Мұхамедсабыр іште мықты, түзде осалдау"
06:26 Санатәлі Төлтаев олимпиададан үмітін үзді
08:50 Федерация басшысының боксшылармен отырып кешкі ас ішуі қаншалықты дұрыс?
10:37 Әзиз Жұмаділ федерация баспасөз қызметінде неге 1,5 ай ғана қызмет атқарды?
14:48 Қанат Бейсекеев пен Айсұлтан Сейітов жүр, ал журналистерді неге кіргізбеді?
19:37 "Ауруын жасырған өледі". Федерациялар жабық жұмыс істейді
21:44 Депутатпен емес, басқа мықтымен спарринг жасағанын жариялауы керек!
26:25 Бокс федерациясы ешкімнің жекеменшігі емес!
33:30 Әуесқой бокста тәжірибесі жоқ Жалғас Түкешов қалай ҚБФ президентінің кеңесшісі болып отыр?
34:50 Үлкен дода алдында бас бапкер ауыстырған дұрыс емес!
39:09 Отандық бокста жүйелі өзгеріс бола ма?
43:19 Бішкектегі күрес: "жеңіліп қалдық" деген жаңалықты көп оқыдық
44:24 Ризабек Айтмұқанға пәтерді букмекер компаниясы алып берді
45:30 Халық легионерлерден әбден жалықты
47:01 Қырғыздар күрестен кемі 2 олимпиада алтынын аламыз деп отыр
50:56 Жәмила Бақбергеноваға не болды?
52:54 Еркін күрес: Әлішер ме, Ризабек пе?
57:54 Азамат Дәулетбековтің олимпиада алтынын алатын мүмкіндігі артқан сияқты...
58:43 Юсуп Батырмұрзаев жайлы: Қазақстанда 125 келіде мықты балуан табу қиын
01:00:50 Подкасты қорытындылау

show more

Share/Embed