Желтоқсан желі
Doseke Doseke Doseke Doseke
1.88K subscribers
553,622 views
7.4K

 Published On Dec 16, 2021

Желтоқсан желі.
с. А. Асылбековтікі
ә. Ә. Тінәлиевтікі

Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Шайқалды күйім,
Шайқалды миым -
Бомбалар жиі жарылды.
Малым да кеміп,
Әлім де кеміп,
Қинады берік жанымды.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

Бабалар өтер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,
Бұтаққа жаңа бүр шығып.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.

2-ші нұсқа, өзгерген түрі болса керек:

Саналы жұртым,
Бағалы бұл кім,
Жігерін зілмен егілмей.
Азаттың туы,
Қазақтың туы,
Қанатын жайды көгімде.

Желтоқсан желі,
Дәуірдің емі,
Арайын шашқан таңғы үміт.
Халықтың мұңы,
Тарихтың үні,
Желтоқсан желі жаңғырық.

show more

Share/Embed